2025 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.
2025 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Байқоныс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы: Степногорск қаласы, Байқоныс ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі № 1А.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
2025 жылы «Байқоныс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 94 мемлекеттік қызмет көрсетті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін –10 қызмет
ЭҮП арқылы электрондық көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 18 қызмет,
Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 76 қызмет,
көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) –18 қызмет.
Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) ) - 0 қызмет.
Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2024 жылы «Байқоныс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 44 қызмет көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін –8 қызмет
Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетілді – 34 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 10 қызмет.
Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
3. Білім саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою»;
«Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат «Байқоныс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» http://sc0024.stepnogorsk.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 ресми интернет ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. . Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, тікелей эфирлер , сұхбаттар және басқалар).
2025 жылы әлеуметтік желілерде 4 тікелей эфир жариялады. Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Байқоныс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіAkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.
Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас басқармасының жүйесі жұмыс істейді, оларда 12 мемлекеттік қызметтер қолжетімді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 20-дан астам қызметкер көрсетеді. 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 3 қызметкер біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Осылайша, қызметкерлердің 89% - Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттары бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
1) 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының сақталуы мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес «Байқоныс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бақылау шаралары жүргізілді. Жалпы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тартулар болған жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.
5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2026 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Байқоныс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.
Мектеп басшысы: Сануар Б.
https://drive.google.com/drive/folders/1AuBgzxTDkHM9t-cPgufDpeIha6JfAefe?usp=drive_link